Алматыда кәмелетке толмаған ұл баланы ағасы зорлап келген
Фото: freepik.com
Алматыда оқушы ұл бала ересек немере ағасын жыныстық зорлық жасады деп айыптады. Жәбірленушінің айтуынша, полиция оның арызына міз бақпаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Белгілі құқық қорғаушы Айман Омарова сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған осы оқушы туралы әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Жәбірленуші 19 ақпанда көмек сұраған. Себебі полицияға жүгіну нәтиже бермепті.
«Ұлды әкесі қайтыс болғаннан кейін әкесінің ағасы тәрбиелеу үшін анасынан сұрап алып кеткен. Болжам бойынша, әйел үш баланың анасы. Ол ұлды және оның 2 әпкесін түгел асырауға шамасы жетпеген. Бала 11 жаста болғанда ағасының ұлы оған жыныстық зорлық-зомбылық жасай бастапты. Бұл шамамен үш жылға созылған. Бала бұл туралы ешкімге айтпаған. Алайда ұл бала шыдай алмай, әпкесіне қашып кетіп, бар жағдайды баяндап берген», - дейді Айман Омарова.
Әпкесі інісімен бірге полицияға арыз жазу үшін барған. Бірақ оны қандай да бір себептермен қабылдамай қойған. Кейін полицияға ағасының туыстары келіп, балаға қысым көрсеткен.
Полиция департаменті ақпаратқа түсініктеме берді. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.
«Биылғы жылдың 19 ақпанында Жетісу ауданының полиция бөліміне інісіне қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша Алматы облысының тұрғыны өтініш білдірді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспірімнің туысы полицияға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомство.
Полиция сотқа дейінгі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.
Жаңалықтар
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты