Алматыда электр желісінде ақау шығып, бір аудан жарықсыз қалды

cover Фото: Алатау жарық компаниясы

Алматының Алатау ауданында ЖЭО-2 аумағындағы апатты жағдай салдарынан бірден бірнеше шағынаудан тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Алатау Жарық» компаниясының баспасөз қызметі 13 қарашада ЖЭО-2 аумағында 110 кВ қуатындағы №124А және №101А жоғары кернеулі электр желілері апатты жағдайда ажырағанын мәлімдеді. Салдарынан ПС-162А «Алғабас», ПС-169А «Ақбұлақ» және ПС-123А «АТЭЦ-2» қосалқы станциялары уақытша электр қуатынан ажыратылды.

«Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі тұрғын үйлері мен Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөңкеби көшелері шеңберіндегі аумақтар жарықсыз қалды»,  деп хабарлады компания. 

Қазіргі уақытта мамандар апаттың себептерін анықтап, жарықты кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Астанадағы тұрғын үй кешенінде лифт кенеттен құлап, бір адам қаза тапты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар