Алматыда экс-полицей бірге тұратын әйелін өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсауға тырысты

cover Сурет: DALL-E нейрожелісі

3 мамырда Алматыда отбасында жанжал болып, ер адам әйелді пышақтап, ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмған. Осыдан кейін күдікті өзін-өзі өлтіруге тырысып, мойны мен ішіне пышақ сұққан, деп хабарлайды Orda.kz.

QAZ365.kz порталының ақпараты бойынша, бұл оқиға Шұғыла шағын ауданындағы көп пәтерлі үйлердің бірінде болған. 34 жасар марқұм Ұзынағаш ауылындағы балабақшаның директоры болып жұмыс істеген. Олардың кәмелетке толмаған үш баласы бар.

«Күдікті қылмыс орнында ұсталып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді», деп түсіндірді Алматы қаласының ІІД.

Ер адам бұрын Алматы облысының ДП-да жұмыс істеген, бірақ кейбір себептермен жұмыстан босатылған.

Қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар