Алматыда фестивальдар мен форумдарға бөлінетін қаражат қысқартылады
Фото: gov.kz
2024 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау туралы қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәслихаттың кезекті XV сессиясында 2024 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау туралы айтты.
«Сіздерге ұсынылған 98 млрд теңге сомасында жергілікті бюджетті нақтылау өткен жылғы бос қалдықтарды пайдалану, бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында ішкі қайта бөлу арқылы жүзеге асырылады. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін оларды қолжетімді баспана, су, жарық, газ, жылу, кәріз және жол сияқты негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты қосымша бөлінген қаржының 63 пайызы немесе 61,5 млрд. теңге даму мақсатына бағытталады. Сонымен қатар, ағымдағы бюджет шығындары, атап айтқанда, фестивальдерді, форумдарды және түрлі имидждік шараларды өткізуге кететін шығындар қысқартылды. Бұл қаражат қаланың тыныс-тіршілігін жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға жұммсалады», - деді ол.
Қанат Сухамбеков 2024 жылы бюджет шығыстарының 31 пайызы әлеуметтік салаға бөлінгенін, бұл 30,4 миллиард теңге екенін айтты. Білім саласына 20,8 млрд теңге бөлінді, оның ішінде: орын тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін мемлекет басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды қолдады. Ұлттық жоба аясында 2023 жылдан бастап Алматыда республикалық бюджет есебінен 37 100 орындық 22 мектептің құрылысы басталды. Жергілікті бюджет жер телімдерін сатып алуды және оларды инфрақұрылымға қосуды қаржыландырады.
Мемлекет басшысының 2024 жылы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Алмалы, Бостандық, Алатау және Медеу аудандарындағы 5 мектепті (№ 70, 156, 136, 138, 161) күрделі жөндеумен сейсмикалық күшейтуге қосымша 2,7 миллиард теңге қарастырылады.
Наурызбай ауданындағы Шұғыла мен Құрамыс шағын аудандарында әрқайсысы 320 орындық 2 балабақша құрылысы жалғасады. Бұл мақсатқа 2 миллиард теңге қажет. Бұл нысандарды аяқтау биылғы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланған.
Денсаулық сақтау саласында 11 нысан күрделі жөндеуден өтеді. Бұл мақсаттарға бюджеттен 5,6 млрд теңге қарастырылған.
Мемлекеттік денсаулық сақтау нысандарын жаңғырту үшін №7 қалалық ауруханада лифт жабдықтарын ауыстыру жоспарлануда. Бұл үшін 118,8 миллион теңге қарастырылған.
«Денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін арттыру бойынша Даму бағдарламасын іске асыру аясында 3 денсаулық сақтау нысанының (Әлмерек шағын ауданы және Тастыбұлақ шағын ауданы, №12 аурухана) құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді жоспарладық, оған 320,5 млн теңге қажет», - деді басқарма басшысы.
Ол зейнет жасындағы алматылықтарды жұмыспен қамту үшін алғаш рет «Алтын жас» пилоттық жобасы жүзеге асырылатынын айтты. Бұл жоба аясында зейнет жасындағы 500-ге жуық адам әлеуметтік белсенділікті сақтау үшін еңбек қызметіне тартылады. Бұл мақсаттарға 2024 жылы 382,5 млн. бөлінеді.
Мәдениет пен спортты дамытуға 3,3 млрд теңге қарастырылған. Мәдениет нысандарын цифрландыруға Алматы қаласының Орталық мемлекеттік мұрағатын техникалық жарақтандыруға және арнайы құрал-жабдықтар алуға 306 миллион теңге қарастырылған. Қалалық кітапхана ұйымдарын одан әрі цифрландыру үшін Жетісу, Түрксіб және Наурызбай аудандарындағы үш жаңа кітапхана мен С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасын материалдық-техникалық жарақтандыруға 320 миллион теңге қарастырылған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына 29,9 млрд теңге қарастырылған. Ағымдағы жылы 31 шақырым иесіз қалған электр желілерін қалпына келтіру және 21 трансформаторлық қосалқы станса құрылысы аяқталады. Бұл Наурызбай ауданының 15 мыңға жуық тұрғынын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылу желілерінің тозуын азайту үшін 3,7 млрд теңгеге Әуезов, Жетісу, Бостандық және Түрксіб аудандарында алты жылумен жабдықтау нысаны қайта жаңғыртылады. Биыл Алатау ауданындағы «Рахат», Мәдениет» ықшам аудандарында электр желілерінің құрылысы басталады. Бұл мақсаттарға 1 миллиард теңге қажет.
Қаланы абаттандыруға 10,3 млрд теңге қарастырылған. Жалпы, скверлерді, саябақ аумақтарын және қоғамдық орындарда спорт алаңдарын орнату арқылы абаттандыруға 2,8 млрд теңге қарастырылған.
Тереңқұр саябағы аймағындағы көлдің айналасын қалпына келтіруге 1,5 млрд теңге қарастырылған. Жұмыс аяқталғаннан кейін бұл аумақта тоған бойында жаяу жүргіншілер жолы бар кең демалыс аймағы болады. Бес аудандағы аула аумақтарына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары 3 млрд теңгеге жүргізіледі.
Көлік инфрақұрылымын қаржыландыруға 18,9 млрд теңге қарастырылған. Үш көлік торабын салу жоспарлануда. Бұл мақсаттарға 5 миллиард теңге бөлінген. Сондай-ақ көше қиылысындағы көлік айрықтары: Сейфуллина – Жансүгіров көшелерінің қиылысында, Сайн – Ақын Сара көшелері (Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін) құрылысын аяқтау жоспарланды. Бұл мақсаттарға бюджеттен қосымша 3,6 миллиард теңге бөлу қажет.
Алматы қаласын дамыту бағдарламасының Жол картасын іске асыру үшін: Рысқұлова даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі Құлжа күре жолына қайта жаңғырту жұмыстарын бастау; 10 тоқтау-бұрылыс алаңдарын жобалау; Талғар трактісін қайта құру; Алматы-2 вокзалынан Райымбек батыр метро станциясына дейінгі жерасты жаяу жүргіншілер өткелі құрылысы жоспарлануда.
Абай даңғылын созатын жол құрылысын жалғастыру үшін тағы 1,7 миллиард теңге қажет.
30 шақырым жаяу жүргіншілер жолын, 5 шақырым велосипед жолын, 40 аялдама платформасын, сондай-ақ 12 күрделі көлік құрылымдарын орташа және ағымдағы жөндеуге бюджеттен 2 млрд теңге қарастырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық