Алматыда да коронавирустың «үнді» штамы болуы мүмкін

cover

Алматыда коронавирус инфекциясының «үнді» штамы анықталды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов «үнді» штамын жоққа шығармады.

– Алдын ала мәліметтер бойынша, коронавирустың «үнді» штамының айналымы ықтималдығы анықталды. Қазір толық геномдық ретке келтіру үшін қосымша уақыт қажет, - деді Сәдуақас Байғабылов.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтанда 54 науқастың 56%-ында «үнді» штамы анықталды. Елордада қосымша карантиндік шектеулер енгізіледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар