Алматыда босанған әйелдің ішінен тоғыз айдан кейін таңғыш табылды
Фото: бейнеден кадр
2024 жылы кесар тілігін жасатып босанған бір әйелдің ішінде таңғыш мата қалып қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
2024 жылдың тамызында алматылық В. есімді азаматша үшінші баласын кесар тілігі арқылы дүниеге әкелді. Ота Алматы қалалық №2 перинаталдық орталығында жасалды. Алайда ертеңінде-ақ әйел қатты ауырғанын айтып шағымдана бастайды.
Заңгер Анна Чернованың айтуынша, келесі күні жас ана УДЗ-ді қайта қарап шығуды өтінген. Алайда әйелдің өтінішіне дәрігерлер салғырт қараған. Тексеру жүргізгенімен, «бәрі таза» деп үйіне шығарып жібереді.
«Тоғыз ай бойы жас ана ауырсынумен өмір сүрді. Түнде ұйықтай алмады, тамақ іше алмады, баласын қолына ала алмай, әрең қозғалды. Салмағы күрт төмендеп, жағдайы нашарлай берді. Жеке клиникаларға жүгініп, бірнеше тексеруден өтті, қомақты қаражат жұмсады. Бірақ нақты диагноз қойылмады. Бірде-бір дәрігер оның нақты неден ауырып жүргенін анықтай алмады», — деп жазды адвокат Анна Чернова.
Тек 2025 жылдың мамыр айында жасалған компьютерлік томография кіші жамбас тұсында бөтен түзілісті көрсеткен. Дәрігерлер ісік деп күмәнданып, шұғыл түрде ауруханаға жатқызады.
2025 жылғы 3 маусымда шұғыл ота жасаған хирургтар әйелдің ішінен таңғыш мата тапты. Оның перзентханадағы кесар тілігі кезінде іште қалып қойған мата екені белгілі болды.
«9 ай бойы ішінде мата болған соң, іріңдеу, қабыну, перитонит дамып, ішкі ағзалар зақымданған. Хирургтар ішектің бір бөлігін алып тастауға мәжбүр болған. Жеті сағатқа созылған ауыр отаға төрт хирург қатысқан. Дәрігерлердің айтуынша, тағы бір апта кешіккенде әйелді аман алып қалу мүмкін болмас еді», дейді Чернова.
Қазір азаматша стомамен (сырқаттың аш ішегі немесе тоқ ішегі ауырғанда дәретін сыртқа шығаратын жасанды жолмен) өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар ішекті қалпына келтіру үшін жасайтын тағы бір күрделі отаны күтіп жүр. Бірақ бұл отаны кемі 1,5 жылдан кейін, яғни ағза толық қалпына келген соң ғана жасауға болады.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?