Алматыда қаржы пирамидасы 600 млн теңге шығын келтірді

cover

Алматыда «Astra Consulting agency» ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Алғашқы шағым 2019 жылдың желтоқсанында полиция департаментінің тергеу басқармасына түскен. Тексеру барысында 124 зардап шегуші анықталды.

– Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы дивиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекет жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісіне халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктілердің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) ретінде танылған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 245 283 теңгені құрады. Басқа жәбірленушілерді анықтау жалғасуда, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, олар 8-701-732-86-54 телефон нөмірі арқылы тергеушіге хабарласуына болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар