Алматыда Аида Балаева мәдениет қайраткерлері мен журналистерге мемлекеттік наградаларды табыстады

cover

25 қазанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекет басшысы атынан мәдениет және өнер қайраткерлеріне, журналистер мен ақпарат саласы өкілдеріне еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Orda.kz.

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты шара өтті.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Республика күні ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген азаматтардың қатарында ұстаздар, дәрігерлер, құтқарушылар, өндіріс қызметкерлері, мәдениет және өнер қайраткерлері марапатталды. Бұл, әрине, мемлекет басшысының қоғамда қажырлы еңбек пен кәсібилік құндылықтарын насихаттау жөніндегі бастамасының айқын дәлелі. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Бұл марапат – сіздердің еңбектеріңізге берілген жоғары баға», – деді министр. 


Президент Жарлығымен ақын Исраил Сапарбайға «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.

«Қазақстанның халық әртісі» атағы театр әртістері Жәмилә Баспақова, Ольга Коржева, Лидия Кәден, Рихан Махпироваға берілді.




«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы Татьяна Костюченко, Мәрзия Мамидолдина, Сафуан Рысбайұлы, Сергей Попов, Ажар Юсупова және Олег Татамировқа берілді.

Сондай-ақ бірқатар азаматтар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен және Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек Ардагері» ведомстволық медалімен марапатталды.

Сонымен қатар Республика күнінде мемлекет басшысы атынан мәдениет қызметкерлеріне пәтер сертификаттары салтанатты түрде табыс етілді.

 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар