Алматыда 28 тұрғын үй кешені «қара тізімге» енді
Фото: Orda.kz
Алматы қаласының құрылыс бақылау басқармасы құжаттары күмәнді немесе заңбұзушылықтармен салынып жатқан 28 тұрғын үй кешенінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Басқарма мәліметінше, тізімге енген нысандардың бірқатары құрылысқа мүлде рұқсат алмаған, кейбірінде жобалық-сметалық құжаттама бекітілмеген, ал кейбір үйлерде инженерлік желілер мүлде қарастырылмаған.
«Кейбір құрылыс компаниялары заң талаптарын сақтамай, рұқсатсыз жұмыс бастайды. Мұндай нысандарда кейін пайдалануға беру қиындайды немесе тұрғындар инфрақұрылымсыз, заңсыз үйлерде қалуы мүмкін», — деп хабарлады басқарма.
Алатау ауданында:
- «Питтсбург» тұрғын үй кешені — Дархан шағын ауданы, Сабатаев көшесі, 24-үй;
- «Достар Deluxe» тұрғын үй кешені — Мәдениет шағын ауданы, 185/8.
Алмалы ауданында:
- «Auezov Apartments» тұрғын үй кешені — Қарасай батыр көшесі, 183/19;
- «Tole bi Residence» тұрғын үй кешені— Аносов көшесі, 103Б;
- «Кабанбай батыр» тұрғын үй кешені — Исаев, Қабанбай батыр, Байғанин және Қарасай батыр көшелерінің қиылысы.
Бостандық ауданында:
- «Швейцария» тұрғын үй кешені — Нұрлытау шағын ауданы;
- «7 Avenue» тұрғын үй кешені — Ремизовка шағын ауданы;
- «Barakat» тұрғын үй кешені — Нұр-Алатау шағын ауданы және тағы басқа 9 нысан тіркелген.
Медеу ауданында:
- «Sky Club House» тұрғын үй кешені — Фонвизин көшесі, 28;
- «Pine Hill Residence» тұрғын үй кешені — 2-көше, 33-учаске;
- «Compositor» тұрғын үй кешені — Жамакаев көшесі, 108-учаске.
Наурызбай ауданында:
- «Люксембург» тұрғын үй кешені — Қарғалы шағын ауданы, Қали Надыров көшесі;
- «Флора» тұрғын үй кешені — Тастыбұлақ шағын ауданы;
- «Француз үйі» тұрғын үй кешені — Қарағайлы шағын ауданы;
- «Lantana» тұрғын үй кешені және тағы бірнеше нысан.
Қала тұрғындарына ескерту: пәтер сатып алмас бұрын, құрылыс салушының барлық рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет. Бұл мәліметтерді WhatsApp арқылы +7 705 896 6 000 нөміріне жазып, нақтылауға болады.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?