Алматыда 15 см қар жауды

cover Фото: Алматы әкімдігі

Таңғы сағат жетіге дейін қала көшелерінен 520 текше метр қар шығарылды. Таңертеңгілік қарбалас сағаттан кейін қарды шығару жұмыстары жалғасады.

Алматыда түнде 367 арнайы техника жұмыс істеді. 1193 тонна мұздан тазарту материалдары пайдаланылды, деп хабарлады қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы.

Тағы 160 бірлік шағын техника тротуарлар мен қоғамдық аумақтарды тазартады.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша ауа температурасы күндіз 0...+2 градус жылы, жауын-шашын болмайды.

Еске сала кетейік, Алматыда 14 наурызда қалың қар жауған болатын. Бұл қалада 11 балдық кептеліс туғызды. Әуежай ұшақтарды қабылдауды тоқтатты. Жаппай электр қуатын өшіру басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар