Алматыда 100 теңгеге бола екі адам жаға жыртысты (видео)

cover

Алматыдағы Бақорда базарында автотұрақ төлемі үшін жанжал туындады, деп мәлімдеді қалалық полиция.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Екі ер адам арасындағы жанжал әлеуметтік желіде almaty_kris_p парақшасында жарияланды.

Бейнежазбада көлік жүргізушісі автотұрақта тұрғаны үшін 100 теңге төлеген. Бірақ белгісіз ер адам одан 200 теңге талап еткен. Ер адамдар арасында түсініспеушілік орын алып, оның арты төбелеске ұласты.

Оқиғаға қатысушылар табылып, олардан жауап алынған. Бір-біріне арыз жазбады.

Назар аударыңыз: бейнеде балағат сөздер бар!

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар