Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында көлік қозғалысы қалпына келтірілді

cover

Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында көлік қозғалысы қалпына келтірілді

Алматы-Шелек-Қорғас тас жолының ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған бөлігінде көлік қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Orda.kz.

«ҚазАвтоЖол» хабарлағандай, таңғы сағат 9-да көліктің барлық түрлері бойынша қозғалыс ашылды. Оған ауа райының жақсаруы себеп болды.

Бұған дейін 9 желтоқсан күні сағат 2:00-ден бастап республикалық маңызы бар Алматы-Шелек-Қорғас тас жолында көліктің барлық түріне қозғалыс жабылғаны белгілі болды. 24-ші шақырымнан (Өтеген батыр ауылы) 254-ші шақырымға (Айдарлы ауылы) дейінгі учаске жабылғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар