Алматы облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

cover Фото: Polisia.kz

Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты атышулы іс аясында Алматы облысының бірқатар жоғары лауазымды полицейлері қызметінен босатылды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полиция департаментінің жаңа басшысын жеке құрамға таныстырды, деп хабарлайды Orda.kz.

Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарланды 19 қазан күні ҚР Ішкі істер министрлігінің сайтында.

Полиция полковнигі бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының орынбасары болған.

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен келесілер қызметінен босатылды:

• Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров;

• Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұржан Күнтүнов;

• Полиция департаментінің Алматы облысы бойынша экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ұлан Байтақов;

• Алматы облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;

• Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр;

• Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаров.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар