Алматы облысының екі ауданына блок-бекет қойылды

cover

Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы Шонжы ауылында карантиндік шаралар күшейтілді. Ұйғыр аудандық бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен елді мекенге кіретін жолдарға блок-бекеттер қойыла бастады.

Соңғы бір аптада бұл ауылда 21 адам коронавирус жұқтырған. Ендігі жерде Шонжыға тек ауылда тіркелген тұрғындар, осында жұмыс істейтіндер және  маңызды қызмет өкілдері ғана кіре алатын болады. Орнатылған блок-бекеттердегі тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері жолаушылардың дене қызуын өлшеп, тіркеп отырады. Дегенмен аудандағы   туристік нысандар барлық санитарлық талаптарды сақтап отырып, жұмысын жалғастырады.

Естеріңізге сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бөлім басшысы Азамат Садықов блок-бекет эпидемиологиялық қауіпсіздікке байланысты қойылатындығын, белгілі бір аймақта инфекция мен қауіпті ауру тарағанда осындай шешім қабылданатынын айтқан болатын.

«Блок-бекет қажет болған жағдайда,  бір облыстың шағын ауылына да қойыла береді.  Дегенмен бұл шешім  көбінесе шектеу шараларан көздегендіктен, санитарлық дәрігерлердің қаулысы негізінде эпидемиологиялық жағдайды ушықтармайтын факторлар анықталап, кіріп-шығуға рұқсат етіледі. Ал блок-бекет қойылғанда қоршауда қалған аймаққа мүлдем кіріп-шығуға тыйым салынып, қарулы күштер тартылады", - деп түсіндірді Азамат Садықов.

Осындай санитарлық дәрігерлердің қаулысы Қаратал өңіріндегі Үштөбе қаласына да күшіне енді, онда да карантиндік шаралар күшейтіліп, санитарлық посттар қойылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар