Алматы облысындағы полигонда шетелдіктер жұмыс істеді

cover

Іле ауданындағы полигоннан Өзбекстанның 40 азаматы ұсталды.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру кезінде мигранттардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған.

«Бұл полигонда көрші республиканың азаматтары заңсыз жұмыс істеп, көші-қон заңнамасын бұзған. Аталған тұлғалар жеке басын анықтау және тексеру шараларын жүргізу үшін Іле ауданы әкімшілігіне жеткізілді. Бұл азаматтардың жеке басы анықталғаннан кейін олар заңда белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады» деп түйіндеді Алматы облыстық полиция басқармасының басшысы Бауыржан Әленов.

Тексеру «Мигрант» іздестіру іс-шарасы аясында өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар