Алматы облысында экс-әкім Бағдат Қарасаевқа қатысты сот басталды
Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаевқа қатысты басты сот отырысы басталды. Судья Жанмұрат Батыров төрағалық етуде, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот отырысы бүгін сағат 10:00-ге тағайындалған. Басты сот талқылауы 5 маусымға жоспарланған болатын, алайда кейінірек күні өзгертілген.
Бұған дейін Алматы облыстық прокуратурасы Қарасаев және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алдын ала тергеуді аяқтағанын хабарлаған еді. Іс 2025 жылдың 31 наурызында Алматы облысы Іле аудандық сотына жолданған.
Іс бойынша күдіктілерге Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша айып тағылып отыр:
- 189-бап — «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету»;
- 190-бап — «Алаяқтық»;
- 324-бап — «Шаруашылық және өзге де қызметте экологиялық талаптарды бұзу»;
- 361-бап — «Лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану»;
- 362-бап — «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану»;
- 364-бап — «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу»;
- 369-бап — «Қызмете жалғандық жасау».
Бағдат Қарасаевтан бөлек, бұл істе тағы үш адам күдікті ретінде танылған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылдың қыркүйек айында Бағдат Қарасаевты сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікпен ұстаған. Сол кезде Антикор Іле ауданының әкімі ұсталған сәттің бейнежазбасын көрсеткен еді.
Кейін Алматы облыстық прокуратурасы Іле ауданындағы қоқыс полигоны қызметіне жүргізілген бірлескен тексерістің нәтижесінде әкімнің сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталғанын мәлімдеді.
Еске салайық, бұған дейін Orda.kz Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевты ұстағаны жайлы жазды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды