Алматы облысында екі әйел жасөспірімді ұрып кетті

cover Фото: Boraldai.news.

Зардап шеккен қыз өзін ұрған ересек әйелдермен болған жанжал туралы айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Боралдай ауылында (Алматы облысы) екі әйел жасөспірімді ұрып кетті. 16 жастағы қыз жанжал туралы айтып берді.

Қыз құрбысымен бірге аялдамада автобус күтіп отырған. Жандарынан ішінде бірнеше адамы бар көлік өткен. Көлік ішіндегі адамдар мас болған.

Әйелдер қыздарды қорлап, оларды жезөкше деп балағаттаған. Оған қыздар жауап қайтарған.

Кейін кенеттен көлік тоқтап, ішінен екі әйел шыққан. Олардың біреуі жасөспірімнің басын аялдаманың бұрышына екі рет ұрған.

– Ол кісі үлкендерді құрметтеуім керек екенін айтыа, мені балағаттап басымнан жұдырықпен бірнеше рет ұрды, - деп хабарлады Boraldai.news жәбірленушінің сөзін келтіріп.

Бойжеткеннің айтуынша, аялдамада басқа адамдар болған. Бірақ оларға ешкім көмектеспеген.

Қазір полиция әйелдерді іздестіріп жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар