Алматы облысы тауларында жоғалған туристер құтқарылды

cover Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысының Талғар ауданында екі ер адам тауға шығып, бағыттарын бағамдай алмай, құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

30 жастағы ер адамдардың айтуынша бір сәтте аймақта жүру қиындап, адасып қалған.

«Қараңғылық пен дауылды жел ағаштарды құлатқанына қарамастан, Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы Қотырбұлақ шатқалынан туристерді тауып, қауіпсіз жерге шығарды» делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 


Туристерге медициналық көмек қажет болмағаны атап өтілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар