Алматы-Нұр-Сұлтан рейсі жолаушы жүгі үшін кейінге шегерілді

cover

30 мамырда Fly Arystan авиакомпаниясының Алматыдан елордаға ұшуы жолаушылардың бірімен болған жанжалдан кейінге шегерілді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Fly Arystan ресми мәлімдемесі

KС 7055 рейсіндегі жолаушылардың бірі өзінің жүктерін біріктіруден бас тартты. Fly Arystan ережелері бойынша бортқа бір ғана жүкпен кіруге болады. Егер бірнеше сөмке болған жағдайда, оларды біріктіру керек. Жүк багажының салмағы 5 кг-нан аспауы керек, артық салмақ үшін бөлек ақы төленеді. Қол жүгінің өлшемі 56 * 23 * 36 см болуы шарт.

Екі рет: тіркеу кезінде және отырғызу рәсімінде жолаушыға жүкті біріктіру туралы ескерту жасалған. Әйтпесе, оны ұшуға жіберілмейтіндігі туралы айтылған.

Ер адам талаптарды елемеді, сондықтан оған ұшаққа отыруға тыйым салынды. Ол қызметкерді итеріп жіберіп, бортқа кіріп кеткен. Кейін ол рейстен шығарылды.

Жолаушы шығарылғаннан кейін ұшақ пен жолаушылар екінші рет тексерілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар