Алматы мен Қонаев арасында салынатын ЛРТ-ны кореялық компания салады
Фото: Pixabay
Алматы мен Қонаев қалаларының арасын жалғайтын ЛРТ жүйесін оңтүстік кореялық компания салмақшы. Бұл ақпаратты Ақмола облысының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Orda.kz.
ЛРТ құрылысы бойынша меморандумға 2024 жылдың сәуір айында қол қойылған болатын. Облыстық әкімнің орынбасары Рустам Исатаев осы жобаны талқылау үшін Оңтүстік Кореяның REED Co компаниясының делегациясымен кездесті.
«Алматы облысы – жоғары инвестиция және инфрақұрылым жағынан әлеуеті бар, қарқынды дамып келе жатқан өңір. Біз тұрғындардың көлікке қолы жетіп, өмір сүру сапасының жақсаруына мән береміз. Маглев технологиясын қолданатын ЛРТ жобасы – осы бағыттағы маңызды қадам болмақ», – деді әкімнің орынбасары.
Исатаев Оңтүстік Корея Қазақстанның негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екенін және қазір Алматы облысында олардың капиталының қатысуымен 15 кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.
«Қос тарап ЛРТ жобасын іске асырудың өңірдегі көлік жүйесін дамытудың жаңа кезеңі болатынына және технологиялық, экономикалық өсуге серпін беретініне сенім білдірді. Әкімнің орынбасары жергілікті атқарушы органдар жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде толық қолдау көрсететініне сендірді», деп атап өтті әкімдік.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?