Алматы мен Астананың айыппұлдарын жиып алған Назарбаевтың көліктері

cover Коллаж: Orda.kz

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметкерлері қандай көлікпен жүреді және оны тасыған элиталық көліктер Астана мен Алматы қалаларында қандай жол ережесін бұзды?

Orda.kz тілшісі саралап шықты

Біздің тапқан барлық әкімшілік құқық бұзушылықтар «Бастау» даму қорына жазылған. Бұл ұйым Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 1 мекенжайындағы тұңғыш президент кітапханасында орналасқан. Назарбаевқа қатысты басқа ұйымдар бар. Бірақ осы ұйымда ол жалғыз құрылтайшы. Қордың нақты қандай мақсатта ашылғаны түсініксіз. Әлі аяқталмаған 2025 жылдың өзінде 255 млн салық төлеген.

Біз осы жеке ұйымның автокөліктері қандай жол ережесін бұзатынын анықтадық.

Зейнеткердің автопаркі

Қордың тіркелген көліктерінің ішіндегі ең элиталық көліктерді назарларыңзға ұсынамыз:

  • Chevrolet Tahoe (40 млн теңге)
  • Nissan Patrol (50 млн теңге)
  • Mercedes-Benz S450 4MATIC (90 млн теңге)
  • Lexus LX 570 (85 млн теңге)
  • Cadillac Escalade (95 млн теңге)
  • Tesla Model X (80 млн теңге)
  • 3 Toyota Land Cruiser Prado және Land Cruiser 250 (әрқайсысы 45 млн-нан 60 млн теңгеге дейін)
  • Audi A6 (50 млн теңге)
  • KIA Optima (10 млн теңге)
  • Toyota Camry (20 млн)
  • BYD Song Plus (20 млн теңге)
Автопарк көліктерінің жалпы бағасы шамамен есептегенде 800 млн теңге. Бұл көліктің салық пен эксплуатациясын қоспай есептегендегі нарықтағы бағасы.

Барлық көліктер ақ немесе қара түсте және оларды «мүйзі қарағайдай» адамдар айдайды.

Олардың бұзған басты ережелері:

  • Автобус жолағымен жүру;
  • Жалдамдықты шамадан тыс асыру;
  • Төленбеген паркинг;
  • Бағдаршамның қызыл түсіне өту.
Мұның барлығы, әрине, аса ауыр ереже бұзу емес. Бірақ осының арқасында біз Назарбаевта 4 «жол талғамайтын» көлік пен 1 тесла бар екенін білдік.

Жол ережесін бұзу бойынша «рекордшы» Астанада ақ Prado (оның қара түсі де бар, біреу Алматы да, біреуі Астанада). Толтырылған протокол бойынша көзайым болған ақ Prado. Жылдамдықты асыру мен жолақтарды кесіп өтуді т.б. естептесек, жалпы сол көлікті айдағанда 9 рет жол ережесін бұзған. 

Басқа көліктер де қалыс қалмады

Chevrolet Tahoe көлігін айдағанда жалпы 7 заң бұзу тіркелген. Басым көпшілігі жылдамдықты шамадан тыс асыру. Бір қызығы, Tahoe тек Астана – Қарағанды трассасында ғана ереже бұзған. Бұл 8 және 11 қазанда және 22 қарашасында болған. 

Mersedes-Benz S450 көлігін айдағанда 4 жол ережесін бұзу тіркелген. Бұл көлікте ешқандай да жылдамдықты асыру туралы ақпарат жоқ, тек қана автобус жолағымен жүргені ғана бар.

Lexus LX 570-те ақысы төленбеген паркинг пен бағдаршамның қызыл түсіне өту фактілері тіркелген. 

Toyota Camry мен Prado көліктерін айдағанда Президент кітапханасының дәл алдында жылдамдық асырғаны тіркелген. Ал 2024 қазан айы мен 2025 наурыз айында Cadillac Escalade пен Audi A6 көліктерін айдағанда бағдаршамның қызыл түсін елемей, өтіп кеткен. 

Алматыда экс-президентіміздің көліктері Астанаға қарағанда аз, бірақ экологияға өте тиімді. Біз камераға түскен құқық бұзушылықтардың арқасында қорда BYD Song Plus пен Tesla Model X атты көліктердің бар екенін анықтадық. Олар да Алматы қаласында жылдамдықты асырып, автобус жолағымен жүрген. 

Бірақ қор бұл көліктердің айыппұлдарын тұрақты төлеп отыр. 7 тамыз күні тексергенде небәрі 17 600 теңгеге шығатын 4 айыппұл төленбеген.

Ереже бұзу Астанада (соның ішінде парламент маңында, министрліктер үйінде, Тұран, Сығанақ, Достық, Қонаев көшелерінде) және Алматыда (Достық пен Әл-Фараби даңғылдарында) тіркелген.

Түсінікті болу үшін біз кесте жасадық:

Назарбаевтың өзін тасыды ма?

Бір қызығы жол ережесін бұзу фактілерінің бәрі 2024-тің күзінде немесе 2025-тің жазында болған. Тіпті олардың кейбірі бір жерде бірнеше рет қайталанған. Бұл кездейсоқтық емес, үнемі қайталанатын «әдет» болуы мүмкін. Біз ереже бұзу фактілерін экс-президенттің елордада ел алдына шығып, бой көрсеткен сәтімен салыстырдық.

Мысалы 21 маусым күні Астанадағы орталық мешітке барғанынан хабардармыз. Бұрынғы мемлекет басшысы ол жақта күзетшілермен бірге сол күні күндіз жүрген еді. Сапар барысында ата-бабалары мен отбасындағы марқұмдарға арнап Құран аяттарын оқып, елдің тыныштығы мен тұрақтылығы, бірлігі үшін дұға жасады.

Ал 2024 жылдың 6 қазанында Қазақстан шекарасында АЭС салу бойынша референдумға қатысқан болатын.

Машина нөмірлерінде CR, RR, DA және SS сериялары бар. Көбіне екі әріп пен үш сан жеке меншікте емес, ұйымдардың балансында тұрған көліктерде қолданылады. Егер көлікте AV, KZ және SK сериялары болса, онда президент істері басқармасының және оның күзет қызметінің өкілдері отыр деген сөз.

Автор: Илья Астахов

Еске сала кетейік, Orda.kz бұған дейін Назарбаевтың ұрпақтары қайда және немен айналысатыны туралы жазған болатын. 





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар