Алматы қаласында жүздеген миллиард теңге тиімсіз жұмсалған — Жоғары аудиторлық палата

cover Фото: freepik.com

Жоғары аудиторлық палата Алматы қаласына 2020–2025 жылдар аралығында бюджет қаражаты мен активтеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Аудит нәтижесі қалада жоспарлау мен басқару саласында жүйелі мәселе бар екенін анықтады. Атап айтқанда, Алматының 2021–2025 жылдарға арналған даму жоспары бірнеше рет қайта жазылғанымен, нақты жұмыс құралына айналмаған. Көптеген іс-шаралар толық қаржыландырылмағандықтан, бірқатар мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. Сонымен қатар инвестициялық жобалар саны 365-тен 529-ға дейін артқаны анықталды.

Аудит барысында анықталған негізгі мәселелер:

 • Жас-Қанат шағынауданындағы 41 тұрғын үйдің 7-еуі әлі аяқталмаған, тағы 12 үй қала балансына өткізілмеген, абаттандырылмаған;

 • Қалалық мобильділік басқармасы тасымалдаушыларға 2,3 млрд теңге субсидияны негізсіз төлеген;

 • Жер телімдерін бөлудегі кемшіліктер инфрақұрылымның шамадан тыс жүктелуінің арқасында әлеуметтік нысандарға жаяу бару мүмкін емес;

 • Азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары нәтиже бермеген. 

Аудит қорытындысы бойынша, анықталған бұзушылықтар көлемі — 203 млрд теңгеден асты. Бюджетке қайтарылған қаражат — 26 млрд теңгені құрады. Есепке алу мен орындалған жұмыстар бойынша қалпына келтірілгені — 83 млрд теңге. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 417 материал уәкілетті органдарға жолданған.

Айтпақшы, бүгін ғана Алматы әкімі Дархан Сатыбалды президент қабылдауында болып, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарымен таныстырған еді. 

Айта кетейік, депутат Айдос Сарым «Бітімгерлер» тізіміне енгізілді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар