Алматы қаласы мәслихатының депутаты жатақханадағы өрттен кейін шағын бизнесті тексеруге ерекшелік енгізуді ұсынды
Қолданыстағы мораторийге байланысты барлық жатақханаларда өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бағалау жүргізілмейді.
Мәслихат депутаты, Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбеева әлеуметтік функцияларды жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген санаттарын тексеруге мораторийді алып тастауды талап етті.
«Барлық әлеуметтік нысандар мен қоғамдық орындардың өрт қауіпсіздігін толық бақылауға алу қажет деп есептеймін, біздің мәслихаттан, біздің қоғамдық кеңестен мораторийді алып тастау туралы ұсыныс енгізуді сұраймын. Менің ойымша бұған қойылған мораторийді алып тастау қажет. Біз қазір ойын-сауық орындарын емес, адамдар тұратын жерлерді, сондай-ақ балабақшалар туралы айтып отырмыз», - деді Алтынай Көбеева
Барлық қонақ үйлер мен жатақханаларда өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін кешенді бағалау жүргізілмейтіні айтылды. Бұл сәйкессіздікке шағын бизнеске бағытталған тексерулерге қойылған қолданыстағы мораторий себеп.
30 қараша күні сағат 5.30 шамасында Әди Шәріпов көшесіндегі Алматы жатақханасынан өрт шықты. Өрт салдарынан13 адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды