Алматы әуежайында жалған Бразилия төлқұжаты бар шетелдік азамат ұсталды
Фото: Wikimedia Commons
Алматы халықаралық әуежайында жалған Бразилия төлқұжаты бар шетелдік ұсталды. Жалған құжатты шекарашылар анықтаған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шетелдік азамат 4 сәуірде Алматы әуежайында ұсталған. Бақылау барысында ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері ер адамның жалған Бразилия төлқұжатын пайдаланып елге өтпек болғанын анықтады.
«Аталған азаматты жеке тінту барысында аяқ киімінің табанына жасырылған төлқұжат табылып, тәркіленді. Нәтижесінде шетел азаматы елден шығарылды» деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Алматы халықаралық әуежайында жалған құжатпен шетелдіктердің ұсталуы бірінші рет емес. Наурыз айының басында екі заңсыз иммигрант жалған француз төлқұжатын пайдаланып Қазақстанға өтпек болған.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды