Алматы әуежайында Вьетнамға ұшатын рейс 13 сағат бойы тоқтап тұр

cover Фото: vietjetair.com

VJ062 Алматы - Камрань рейсі бүгін Алматы уақытымен 01:15-те ұшып кетуі керек еді.

Оқырмандарымыз ұшақтың Алматыдан әлі ұшпағанын хабарлады, бұл ақпаратты әуежайдың онлайн таблосынан да көруге болады.

VietJet әуе компаниясының өкілдері рейсін күтіп тұрған жолдаушыларға бармаған, сондай-ақ рейстің не себепті кешігіп жатқаны туралы нақты ақпарат бермеген. Мұны жолаушылардың бірі айтты.

Оқырман жіберген фото

"Тамақ берілмеді. Шамамен таңғы сағат 4-те тіркеу қызметіндегі қызметкерлердің бірі қонақүйлерге барғысы келетіндердің тізімі қолмен жасалатынын, ал жергілікті тұрғындарға ұшу уақыты 12 наурыз күні сағат 16:00-ге қойылғанын, оған дейін үйлеріне қайтуы керек екенін айтты", - деп хабарлады оқырман.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар