Алматы әуежайында өзіне қол салған адамға қылмыстық іс қозғалды

cover Фото: Orda.kz

 Әуежайдың T1 ішкі рейстер терминалы дәретханасында ер адам өз өмірін қиюға тырысты. Болған оқиға бойынша желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.

Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдайды әуежай қызметкерлері дер кезінде байқап, дереу медициналық қызмет шақырған.

«Жедел-жәрдем бригадасы келгенге дейін жолаушыға жедел медициналық көмек көрсетілді. Қазір өміріне қатр төніп тұрған жоқ, жолаушы дәрігерлердің бақылауында. Әуежайдың жұмысы штаттық режимде жалғасуда», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі. 


Алдын ала анықталғандай, Алматы-Астана рейсінің жолаушысы әуежайға аман-есен келіп, тіркеу мен тексеруден өткен. Бірақ белгісіз себептермен ол ұшаққа бармай, төрт сағатқа жуық күту залында, соның ішінде кафеде отырған. 

Кейін ол адам дәретханаға кіріп, өзіне қол салмақшы болды. Әуежай дәрігерлері оған жедел түрде алғашқы көмек көрсетті, содан кейін жолаушы қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Бұл бір апта ішіндегі екінші оқиға. 25 тамызда Алматы әуежайында тағы бір азамат өзін-өзі өртеді

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар