Алматы әкімі Bazis-A иесiне сенімді ақтамай отырғанын айтты
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мектеп құрылысына қатысты жағдай бойынша Bazis-A компаниясының әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Әңгіме Медеу ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан оқу орны туралы болып отыр.
Оқу орны 2000 орынға есептелген, жобада акт залы, астыңғы қабаттағы асхана, жеке тұрақ және спорт стадионы бар үш қабатты ғимарат көзделген.

Әкімнің айтуынша, жобаны жүзеге асыру мерзімі ұзаққа созылып кеткен. Ол Bazis-A мердігерлік ұйымынан балалардың қыркүйекте сабаққа кірісуі үшін барлық жұмыстарды 2025 жылдың тамызына дейін аяқтауды талап етті.

«Александр Якубович, қыркүйек айында оқушылар осында оқуы керек. Келістік пе? Біз сізге сенгенбіз, ал сіздер уәдеден шықпадыңыздар. Алматы қаласы бойынша тоғыз мектепті алдыңыз – мәселенің барлығы сіздердің жұмыстарыңызға тіреліп тұр. Тапсырыңыздар, себебі бұдан әрі созу мүмкін емес. Өйткені бұл балаларға қатысты жадай, бұл бюджеттің игерілуге тиісті қаражаты», - деді әкім компания басшысы Александр Беловичке.

Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды Шығыс айналма автожолының жасыл аймақтарын тиісті күтіп ұстау үшін автоматты суару жүйесін күрделі жөндеу мәселесі көтерілген учаскесін аралап көрді. Ол «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында қаланы абаттандыру мәселесін жеке бақылауында ұстауға уәде берді.
«Әрқайсыңыздың бұған жауапкершілікпен қарағандарыңызды қалаймын. Қазір мен көптеген коммерциялық нысандар - дәмханалар, мейрамханалар мен дүкендер әкімдікке сілтеп, іргелес аумақты тазартпайтынын көріп отырмын. Бірақ тазалық - ортақ іс. Бұған барлығы қатысуы керек», - деді Дархан Сатыбалды.
Кіші Станица аумағында Дархан Сатыбалды Қабылов көшесіндегі екі жылдан астам уақыттан бері бос тұрған тоғыз ғимарат кешенімен танысты. Бұл аумақта әлеуметтік нысандар жетіспейді. Әкім осы ғимараттарды жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, коммуналдық меншікке беру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктері үшін қарыз алудың жаңа ережелерін бекітті. Алынған қаражат инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Бұған дейін Дархан Сатыбалды Алматыда мектептер, балабақшалар мен жолдардың құрылысын кешеуілдетіп жатқан жауапты мекемелерге қатаң сынап, жұмысты дереу аяқтауды талап еткен болатын.
Сонымен қатар Алматының жаңа әкімі Дархан Сатыбалды Алматы халқы айта-айта жалыққан бордюрлар мен асфальт тозбай жатып ауыстырылатынын өз көзімен көріп, наразы болды.
Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды қызметіне кіріспей жатып, экологиядан бастап тозған желілерге дейінгі жұмысының басым бағыттары туралы уәде берді.
Алып шахар Алматының қордаланып қалған мәселесі бастан асады, осының бәрін қолға аламын деп уәде берген жаңа әкімнің үдеден қалай шығатынын алдағы уақытта бақылап, хабарлап отырамыз.
Жаңалықтар
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды