Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады

cover Фото: President.az

Әзербайжан президенті  Ильхам Алиев Нахчыванға жасалған дрон шабуылынан кейін қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді, деп хабарлайды Orda.kz President.az сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Нахчыван аумағындағы азаматтық нысандарға дрондар арқылы соққы жасалған. Шабуыл кезінде Нахчыван халықаралық әуежайы, терминал ғимараты, мектеп және басқа да нысандар зардап шеккен. Әзербайжан билігі бұл әрекетті қатаң айыптап, Иран тарапынан ресми түсініктеме беруді, кешірім сұрауды және кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті.

Алиев бұл бірінші жағдай емес екенін атап өтті. Ол бұған дейін Тегеран қаласындағы Әзербайжан елшілігіне жасалған шабуылды еске салды. Сол оқиғадан кейін Баку дипломатиялық миссияны эвакуациялап, дипломатиялық қатынастарды уақытша тоқтатқан еді.

Отырыстың қорытындысы бойынша жауап шараларын дайындау туралы шешім қабылданды. Әзербайжан қарулы күштері, қорғаныс министрлігі және мемлекеттік шекара қызметі жоғары дайындық режиміне көшірілді.

Баку Нахчыванға жасалған дрон шабуылына байланысты Ираннан шұғыл түсініктеме күтуде.

Айта кетейік, Иран қарулы күштері бас штабы Әзербайжанның Нахчыван аймағына дрондар ұшыруға Иранның қатысы бар деген ақпаратты жоққа шығарды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар