Алғашқы феминисттердің бірі Маргарита Өскембаева дүниеден озды

cover

Әйелдер мен балалар құқықтары үшін күрескен: белгілі құқық қорғаушы Маргарита Өскембаева дүниеден озды.

Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер институтының негізін қалаушы Маргарита Өскембаева Қазақстандағы алғашқы феминистердің бірі болды.

Психолог болып жұмыс істеді, ғылыми жұмыстар жүргізді, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Араша» баспанасын басқарды, сонымен қатар Қазақстан президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды.

«Ұзақ уақыт бойы ол ешбір қолдаусыз, ақысыз, грантсыз, мектеп пен балабақшада психолог болып жұмыс істеп, қоғамдық қызмет атқарды. Содан кейін ол әйелдерге арналған дағдарыс орталығын ұйымдастыру үшін өте аз мемлекеттік грант алды. Ол бұны жүрегімен жасады. Әйелдерге медициналық көмек, құқықтық қолдау және психологиялық қолдау көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етті. Ол әйелдердің мамандық алуы үшін және онымен бірге өзіне деген сенімділігі үшін қолынан келгенше көмек берді. Ол орталыққа анасымен бірге түскен балаларға да қамқорлық жасады. Оларды мектеп пен балабақшаға орналастырды»,– деп депутат Ирина Смирнова естеліктерімен бөлісті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар