Алған несиені 5 есе артығымен төлеткен микроқаржы ұйымдарына іс қозғалды
Фото: Elements.envato.com
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) арқылы жасалған алаяқтық схеманы анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Адамдар алған несиелерін 5 есе артық төлеп, жалпы залал 30 миллиард теңгеге жеткен. Алматыда бірден алты МҚҰ-ның заңсыз әрекеті әшкереленді:
- Creditum
- Sofi Finance
- Hava Finance
- SF Offline
- POS Credit
- Сәлем Кредит
Бұл ұйымдар қарызын өтей алмаған адамдарға KOKE.KZ, TENGO.KZ, HAVA.KZ секілді платформалар арқылы аффилиирленген кеңселермен «кепілдік келісімшарттарын» мәжбүрлі түрде жасатқан. Бірақ бұл «кепілдіктер» тек қарыз алушы қайтыс болған жағдайда ғана іске асатын. Соған қарамастан, олар несие қарызынан 3–5 есе көп комиссия ұстап отырған.
Мысалы, бір ер адам 120 000 теңге несие алған, бірақ 446 000 теңге кепілдік төлемін жасаған. Бұл негізгі қарыз бен пайыздарды қоспағанда!
МҚҰ-лардың негізгі табысы несие пайызынан емес, дәл осы жалған кепілдіктерден түскен. Қазір аталған ұйымдарға қатысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?