«Алға, Қазақстан!» 25-ші рет тіркеуге өтініш берді: Бірақ оларға полиция келді

cover Фото: Бейнеден кадр

Оппозициялық «Алға, Қазақстан!» партиясын құруға ұмтылып жүрген бастамашыл топ белсенділері кезекті рет тіркелуге талпынды. Олар 20 қарашада Астанадағы Әділет министрлігіне 25-ші рет өтініш тапсырып, құжаттарын өткізді. Алайда жағдай шиеленісіп кетті, деп хабарлайды Orda.kz «Азаттық радиосына» сілтеме жасап.

Министрлікпен диалог құрмақ болған белсенділерге полиция келді. Әділет министрлігінің қабылдау бөлмесінде жиналғандар тіркеу мәселелері туралы журналистермен пікір бөліспек болған еді, бірақ полиция қызметкерлері олардан ғимаратты босатуды талап етті. Тәртіп сақшылары «102 нөміріне қызметкерлердің жұмысына кедергі жасалып жатқаны туралы шағым түсті» деп мәлімдеді.

Ашуға булыққан белсенділер: «Шенеуніктердің Дубайдағы мүліктері туралы ақпарат неге тексерілмейді, неге бізді қудалайсыздар?» деп сұрады.

2022 жылдың мамыр айынан бері бастамашыл топ партияны тіркеуге тырысып келеді. Олар 700 қол жинау туралы заң талабынан әлдеқайда асып, мыңдаған қол жинап, олардың әрқайсысын фото және бейнематериалдармен растаған. Бірақ Әділет министрлігі әр жолы құжаттарды «сәйкессіздіктер» мен «марқұмдардың» тізімде болуы сынды сөздермен кері қайтарды.

Топ жетекшісі, әйгілі супермарафоншы Марат Жыланбаев 2023 жылдың қараша айында жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «тыйым салынған ұйымға қатысу» және «экстремистік әрекетті қаржыландыру» баптары бойынша айыпталды. Бұл айыптар Еуропарламент «бейбіт оппозиция» деп таныған, ал Қазақстанда «экстремистік» деп тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы мүшелерімен байланысына негізделді. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары бұл істі саяси астары бар деп бағалап, Жыланбаевты дереу босатуды талап етіп жатыр. 

Еске сала кетсек, Марат Жыланбаев тағы да аштық жариялады. Оның түрмеден жолдаған хатын ықшамдап назарларыңызға ұсындық.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар