«Әлеуметтік желі АҚШ бақылауына өтеді»: Трамп TikTok бойынша мәмілеге қатысты жарлыққа қол қойды

cover Фото: yahoo.com

Ақ үй басшысы Дональд Трамп америкалық инвесторларға TikTok қосымшасын сатып алуға және оның АҚШ-тағы жұмысын бақылауға рұқсат беретін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Құжатқа сәйкес, әлеуметтік желі америкалық корпорациялардың бақылауына өтіп, елде жұмысын жалғастыра береді. Алгоритмдер америкалық нарық үшін «жаңа және қауіпсіз» нұсқаға қайта оқытылады.

«Бұл енді толықтай америкалық  болады. Қытай Төрағасы Си Цзиньпинге құрметім шексіз және құжатты мақұлдағаны үшін алғыс айтамын. Себебі мәмілені дұрыс аяқтау үшін бізге Қытайдың қолдауы өте маңызды болды», – деді Трамп.

Алайда, мәміленің негізгі шарттары келісілгенімен, оған нақты кімдердің қатысатыны әзір белгісіз. Трамптың сөзінше, мұнда Oracle компаниясы мен оның тең құрылтайшысы Ларри Эллисон маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ жобаға кәсіпкер Майкл Делл мен медиамагнат Руперт Мердок та қатысады. 

Мәміле құны 14 миллиард долларға бағаланды. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс енді TikTok «америкалықтарға қарсы үгіт-насихат құралы ретінде пайдаланылмайтынын» айтты. Оның айтуынша, америкалық желі қолданушылары қолданбаны бұрынғыға қарағанда сенімдірек пайдалана алады.

Айта кетейік, Трамп IT саласы мамандарына визаны ондаған есе қымбаттатты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар