Әлемдегі USAID қызметкерлері демалысқа кетеді

cover Фото: tock.adobe.com

Әлемдегі USAID-тің барлық өкілдері әкімшілік демалысқа жіберіледі. Тек маңызды жұмыс істейтін қызметкерлер ғана өз жұмысын жалғастыра береді, деп хабарлайды Orda.kz.

АҚШ-та емес қызметкерлерді өз еліне қайтару мен қаржылай көмек жағы қарастырылады.

«Агенттік ерекше жағдайларды қарастырып, сұраныс бойынша қосымша ұсыныстар жарияланады», деп мәлімдеді.

Біздің тілшіміз USAID кеңсесіне барып еді, оны күзетші кіргізбей қойды. Ол Алматыдағы АҚШ-тың Бас консулдығы басшылығының ешкімді кіргізбеу туралы бұйрығы бар екенін айтты.

Орда журналисіне ол USAID Kazakhstan кеңсесіне телефон арқылы хабарласуды ұсынды, алайда нөмір жауап бермейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар