Алакөлде әйел адамды катер қағып қаза тапты
Фото: Pixabay
Алакөл көлінде катер жүргізген ер адам 63 жастағы әйелді қағып кетіп, ол алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға жағалаудан 200–250 метр қашықтықта болған. Әйел суға шомылып жүрген кезде, катер оны тура үстінен басып өткен.
Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, өзен көліктерінің қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкелген жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Катер жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды, іске байланысты сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында уәкілетті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тергеу жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.
Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Сонымен қатар, ведомство су көлігі саласын реттеу мәселелері – оның ішінде лицензия беру, басқаруға рұқсат ету, техникалық тексеріс пен шағын көлемді кемелерді тіркеу – олардың құзыретіне кірмейтінін атап өтті.
Министрлік бұл мәселеге байланысты ресми хаттарды Көлік министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға жолдап, су жағасында демалатын орындарда қауіпсіздікті күшейтуді және осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынды.
Бұған дейін Алакөлдегі ретсіздік туралы бірнеше рет жазылған болатын. Белгілі заңгер Саида Тәуекелова бұл жағдайға қатысты өткір сын айтып, Facebook парақшасында балалар мен ересектер суға шомылып жүргенде, олардың жанында катер мен су скутерлері қатар жүретінін жазған.
Жақында «Жаңа Алакөл» - курортының бас жоспары Түркия мен Мысыр стандарттары бойынша әзірленетіні туралы жазғанбыз.
2023 жылы Алакөл жағасынан күніне 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты