Алакөлде 14 адам жағаға жете алмай қалды

cover Фото: ТЖМ

Абай облысындағы Алакөл көлінде 14 адам, оның ішінде 8 бала жағаға қайта орала алмай қалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

ТЖМ мәліметінше, демалушылар жағалаудан 20 шақырым қашықтықта болған. Олар тіпті байланысқа да шыға алмапты. Құтқарушылар оларды патруль кезінде байқап қалды. Бір топ адам қайықтың техникалық ақауына байланысты қайта жағаға орала алмаған. Олар бұршақ жауынның астында тұруға мәжбүр болды. 

Оқиға орнына құтқару жасағы барып, демалушыларды жағаға шығарды. Құтқарушылар оларға медициналық көмек қажет болмағанын айтты. 

Айта кетейік, Алматыда жаңа жасыл демалыс аймағы салынады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар