Алаяқтар Аида Балаеваның атынан хабарлама таратып жүр

cover Фото: GOV.KZ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз Facebook парақшасында алаяқтар өзінің бейнесі мен дауысын жасанды интеллектпен жасап хабарламалар жіберіп жатқанын айтты, деп хабарламайды Orda.kz.

Балаеваның айтуынша, елімізде жасанды интеллект технологияларын пайдаланып жасалатын алаяқтық жағдайлары көбейген. 

«Соңғы уақытта жасанды интеллекттің көмегімен белгісіз алаяқтар мен танитын немесе мағана таныс емес тұлғаларға менің атымнан дыбыстық хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеуде. Баршаңызды осындай хабарламаларды елемеуге және белгісіз нөмірлерді бұғаттауға шақырамын» деп жазды министр.

Сонымен қатар, Аида Балаева  қазақстандықтарды осындай жағдайлардан сақ болуға жақындарын осындай алаяқтықтардан қорғауға шақырды.

Бұған дейін біз Қазақстанда онлайн-алаяқтық оқиғаларының саны 42 есеге артқанын жазған едік.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар