«Alageum Electric» компаниялар тобы БҚО-ға көмек ретінде 1 млрд теңге бөледі
Фото: Ашық дереккөзден
«Alageum Electric» компаниялар тобы БҚО-ға көмек ретінде 1 млрд теңге жібермекші, деп хабарлайды Orda.kz порталы.
Сайдулла Қожабаевтың атынан Alageum Electric компаниялар тобының басшылығы мен директорлар кеңесі су тасқынының қиын жағдайын ескеріп, зардап шеккен қазақстандықтарға үйлерін қалпына келтіруге көмектесу үшін қосымша 1 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады.
Бұл қаржы Батыс Қазақстан облысында тұрғын үй салып, инфрақұрылымды қалпына келтіруге жұмсалады. Бұған дейін Alageum Electric компаниялар тобының кәсіпорындары ірі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетуге 102 млн теңге, оның ішінде қаланы электр тоғымен жабдықтауды толық қалпына келтіру үшін PETZ зауытының трансформатор түріндегі жаңа жабдықтарын Петропавлға жіберген болатын.
Сондай-ақ барлық қолдаулар құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, қызметкерлердің ерікті көмегі де көрсетілді.
«Көптеген отандастарымыз баспанасыз қалды, біз бейжай қарай алмаймыз. 342 қызметкеріміз Батыс Қазақстаннан. Оларды отбасымен санағанда 600-ден астам адам. Біз аумақтарды қалпына келтіруге көмектесу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді «Alageum Electric» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.
Alageum Electric – отандық электротехника холдингі. Топ электр, электротехника және құрылыс салаларында табысты жұмыс істейтін 14-тен астам ірі кәсіпорынды біріктіреді, оның ішінде Кентау трансформатор зауыты, Азия Трафо, Орал трансформатор зауыты, Петропавл электротехникалық зауыты, «Элетромонтаж» АҚ және т.б. бар. Компания өнімдері отандық, ішкі нарықта сатылатын және ТМД және Таяу Шығыс елдеріне экспортталатын халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.
Жаңалықтар
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты