Ақтөбедегі колледжде өрт шықты. Жарақат алған адамдар бар

cover

Ақтөбедегі Есет батыр атындағы гуманитарлық колледждің жертөлесінде кеңсе техникасы өртенді.

Төтенше жағдай 22 қыркүйек күні кешкі сағат 18.00 шамасында болды, деп жазады «Мой город».

Төтенше жағдай орын алған жерге өрт сөндірушілер жіберіліп, 12 жедел жәрдем келді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт небәрі 10 минутта ауыздықталды. Бірақ колледждің екі қызметкері  күйікке шалдықты.  

«Бір жұмысшының беті, мойны, қолдары, екі тізе буыны термиялық жалынға шалдыққан, екіншісінің беті, екі аяқ-қолы, басы мен арқасын термиялық жалын шарпып, емделіп жатыр», - деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар