Ақтөбеде төбелес ұйымдастырған жасөспірімдердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Бейнеден кадр
Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірімдердің жаппай төбелесінен кейін полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Төбелес кезінде Темірлан Мырзабайдың бетіне қатты соққы тиген. Салдарынан жасөспірімнің көзілдірігі сынып, әйнегі көз жанарына кіріп кеткен.
Темірланның туыстарының сөзінше, осы оқиғаға қатысты іс алғашқыда екі баппен — «бұзақылық» және «орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру» бойынша тергелген. Алайда кейін полиция бұзақылық бабымен қозғалған істі жауып тастаған. Жәбірленушінің туыстары енді «Орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру» бабының да жеңіл сипатқа ауысып кетуінен қауіптенеді. Сондықтан тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді.
«Қозғалған қылмыстық іс шеңберінде жасалған құқық бұзушылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу органдары болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты анықтап жатыр. Бірқатар қосымша сот сараптамалары тағайындалды», —деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматыдағы «Манхэттен», «Ақбұлақ» және «Кәусар» тұрғын үй кешендерінде интим қызмет көрсететін пәтерлер анықталды.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды