Ақтөбеде сүйіктісінің әке-шешесін пышақтаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: Orda.kz
Ақтөбеде сүйіктісінің анасын 20 рет пышақтап, өгей әкесін балтамен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты. Қызғаныштан ашуға берілген 38 жастағы Сәрсенбек Басанов енді өмірінің қалған бөлігін түрмеде өткізеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қоғамда резонанс тудырған бірнеше адамды кепілге ұстау оқиғасы бойынша сотталушыға үкім оқыды.

«Сәрсенбек Басанов Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 5-тармақтарымен, 126-бабы 2-бөлігі 3,4-тармақтарымен, 107-бабы 1-бөлігімен берілген қылмыстарды жасауда кінәлі деп танылып, оған Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігімен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, 26-бабы 2-бөлігі 3,4-тармақтарымен 2 жыл 6 ай, 99-бабы 2-бөлігі 1, 3, 5-тармақтарымен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Түпкілікті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны — қылмыстық атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесі», — деді судья Жәнібек Сейтжаппаров.
Сонымен қатар, судья жәбірленуші Элеонора Әлидің азаматтың арызы ішінара қанағаттандырылып, С. Басановтан 7 353 500 теңге материалдық, 20 млн теңге моральдық шығын, 500 мың теңге заңды өкілге жұмсаған шығынды өндіруді міндеттеді.
Үш адамды кепілде ұстағаннан аман қалған жәбірленушіні сотталушы қылмысқа қатысы бар деп айыптады. Ол соңғы сөзде оқиға күні аффект жағдайында болдым деп ақталуға тырысты. Сотталушы Басанов соңғы сөзде жеңіл жаза сұрады:
«Алға қойған мақсатым бар. Мен ондай қатыгез адам емеспін. Көптеген армандар болып еді. Отбасын құрып, бақытты өмір сүруге. Жалғыз анашым бар. Ол да кеше келіп кетті. «Енді көре алмайтын шығармын сені» деді. Жазаны жеңілдетуді сұраймын, менің де өмір сүргім келеді», — деген.
Басанов үкімді үнсіз тыңдады.
Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға 13 қаңтарда Ақтөбе қаласы Рысқұлбеков көшесінде болды. Сарайдың жертөлесінен табылған 74 жастағы Байғани Әлиев пен 67 жастағы Зина Шаймағанбетова қайтыс болды.
Еске сала кетсек, бұған дейінгі сот отырысында куәгер, қылмыскердің бұрынғы сүйіктісі Эльмира Қазтуғанованың ұлы анасының алты ай бойы есірткіге тәуелділіктен емделгенін, соңғы жылдары ішіп келіп әжесін жиі мазалағанын айтып берген еді.
Ал 9 маусымда өткен сотта тірі қалған жәбірленуші Эльмира Қазтуғанова сол күні болған сұмдық оқиға жайлы айтып берген еді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды
- Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары 2 млрд теңгеге арзандатылып қайта сатылымға шықты
- ҚР СІМ Қазақстанның мұнай танкерлеріне жасалған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады
- 13 жастағы баскетболшы ойын кезінде қайтыс болды
- Жасанды интеллект тергеуі: Жасөспірімдер жалған төлемдермен сауда жасаған
- Қазақстанда алкогольге қатаң шектеу енгізу ұсынылды
- Прокуратура Атбасардағы азаптау ісі бойынша ақтау үкіміне қайта шағымданды
- Трамп өзін «Педофилдердің қорғаушысы» деп атаған Ford жұмыскерін балағаттады
- Таиландта пойыз құрылыс кранына соғылып, 22 адам қаза тапты
- Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскерлерін Қазақстанға орналастыру жеңілдетіле ме?
- Перуашев «Самұрық-Қазына» басшысының табысы туралы сұрады
- Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жаттығу кезінде өзіне оқ атып жараланды
- Блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды
- Оңтүстік Кореяның экс-президентіне өлім жазасы төніп тұр
- Астанада мектептердің бірінші ауысымы қашықтан оқуға көшеді
- Мұрат Адамның қорғаушылары судьяға сенімсіздік білдіріп, оны істі қараудан шеттетуді талап етті
- Қазақстан КҚК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты
- Балқашта сегіз жастағы баланы азаптау ісі бойынша сот басталды
- Қазақстан мұнайын тасымалдайтын танкерлерге шабуыл жасалды — Reuters
- Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне кірді