Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Сот әскери қызметшіні кінәлі деп танып, оны 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сондай-ақ ол сот шешімімен әскери атағынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz сот мәліметіне сүйеніп.    

Қылмыс Ақтөбе қаласында болған. Әскери қызметшіге Қылмыстық кодекстің 120-бабы — «Зорлау» бойынша айып тағылып, сотталған. Тергеуді Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімінің қызметкерлері жүргізген.

Жәбірленуші  кәмелетке толмаған қыз бала болғандықтан іс бойынша толық мәліметтер жария етілмейді. Сот отырыстары Астана қаласының сотында жабық режимде өтті.

«Ер адам жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа түскен. Ол кінәлі деп танылды» деп жазылған сот материалдарында. 

Қорғаныс министрлігі әскери қызметші жасаған қылмысқа қатысты пікір білдірді. Министрлік мәліметінше, зорлау оқиғасы қызметтен тыс уақытта және әскери бөлім аумағынан тыс жерде болған.

«Оқиға болған сәтте ол қызметтік міндетін атқарып жүрген жоқ. Әскерде заңға қайшы әрекеттерге мүлдем төзбеушілік қағидаты қолданылады, ал кінәлілердің барлығы заң аясында жауапқа тартылады», деп жауап берді журналистер сұрағына министрлік.

 Сот оны кінәлі деп танып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталған адам әскери атағынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік және әскери қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құқыққа қайшы әрекеттерге мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады, ал кінәлі тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады», деп мәлімдеді ведомство. 

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар