Ақтөбеде 14 жасар қызды туыс ағалары зорлап келген

cover Фото: Elements.envato.com

Ақтөбеде 14 жастағы қызды туыс ағалары 8 жасынан бастап зорлап келген, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұл туралы «НеМолчи.kz» қоры әлеуметтік желіде жазды 14 жастағы қыздың зорланғанын анасы мәлімдеді. Қыздың анасы соңғы кездері қызының мінез-құлқының өзгергенін, тұйықталып, депрессияға түскенін айтқан. 23 қыркүйек күні жеңгесі қызды ұйықтар алдында құшақтап, не болғанын айтып беруін сұрады. Сол кезде қыз барлық шындықты айтып берген.

Анықталғандай, әкесі жағынан туысы болып келетін 1998 және 2004 жылғы ағалары қарындасын 8 жасынан бастап зорлап келген. Ешкім ештеңе білмеген. Олар гаражда немесе үйде ешкім болмаған кезде зорлық жасаған. Бұл жігіттер қыздың анасымен бірге 2 және 8 жасынан бастап бірге тұрған. Ал қарындастары солардың көз алдында өскен.

Келесі күні анасы полицияға арыз беріп, 4 баласымен ол үйден көшіп кеткен. 24 қыркүйекте полиция күдіктілерді ұстады, бірақ екі күннен кейін босатыпты.

Қыз мектепке анасының қарауымен барып жүр. Сол үшін анасы жұмысын тастауға мәжбүр болды.

«Полиция департаментінде бұл іс бойынша алдын ала тергеу басталып, процессуалдық прокурор тағайындалды. Барлық тергеу әрекеттері прокурордың қатысуымен жүргізіліп жатыр. 2 күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот күдіктілерді үйқамаққа алу туралы шешім қабылдаған, өйткені олардың бұрын сотталмағаны, кәмелет жасқа толмаған балаларының және тұрақты мекенжайларының бар екені ескерілген. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істің тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар