Ақтөбе студенті жасанды зердемен Әлия Молдағұлова жайлы комикс жасады
Фото: Orda.kz
Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусының Компьютерлік инженерия мамандығының 2-курс студенті Көркемай Елеусіз Марсельқызы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай комикс жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Студент жасанды зердені пайдаланып, батырдың ерлігі мен рухын қазіргі заман талабына сай жеткізетін комикс жасады.

Жоба бастауыш сынып оқушыларына арналған және Әлия Молдағұлова туралы ақпаратты жеңіл әрі қызықты формада ұсынуды көздейді. Комикс, сондай-ақ, өскелең ұрпаққа мотивация беріп, ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуға үлес қосуды мақсат етеді.
Бұл жобаның ерекшелігі – жасанды зерденің шығармашылық салада қолданылуы болды. Сондай-ақ тарихи тұлғаның ерлігін жаңа формада танытудағы жаңашылдығымен ерекшеленеді.
Қазақстан биыл жеңістің 80 жылдығына ерекше дайындалып жатыр. Еске салайық, бұған дейін жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге Қазақстанның 2,5 млрд теңге жұмсайтыны айтылды.
Сонымен қатар, Orda.kz Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандық достарын жеңістің 80 жылдығына арналған мерекеге шақырғаны жайлы жазды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады