Ақтөбе соты «Алаяқтық» бабымен айыпталған шендіні ақтады
Фото: gov.kz
Ақтөбе қаласының соты әкімдіктің бұрынғы аппарат басшысы Нұрсұлтан Исембайұлын кінәсіз деп таныды. Ол жер учаскесін 3 миллион теңгеге заңсыз сатты деп айыпталған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қаралған іске үкім шығарды. Тергеу материалдарына қарасақ, әкімдік қызметкері коммерциялық құрылысына арналған жер телімін іздеген тұрғынға көмек көрсетуге уәде берген. Бұл мәселені шешу үшін ол Нұрсұлтан Исембайұлына жүгініп, жер телімін алу туралы өтініш білдірген.
Тергеу деректеріне қарасақ, экс-шенеунік бұл қызметі үшін 3 миллион теңге сұраған. Ақша оған қызметтік кабинетінде табысталған.
Алайда сотталушы өзіне тағылған айыптарды мойындаған жоқ және соттан өзін ақтауды сұрады. Мемлекеттік айыптаушы оны «Алаяқтық» бабымен кінәлі деп танып, 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Бірақ сот Нұрсұлтан Исембайұлын кінәсіз деп танып, қылмыс жасағаны дәлелденбегендіктен ақтады. Енді ол өзіне заңсыз айып тағылғаны үшін өтемақы талап ете алады.
Сот Қылмыстық-процестік кодекстің 394-бабы 4-бөлігіне сәйкес, қылмыстық іске қатысы болуы мүмкін өзге тұлғаларды анықтау қажеттігін айтып, істі прокурорға жіберу туралы шешім қабылдады.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?