Ақтөбе облысының экс-әкімі мұнай комапаниясының директорлар кеңесіне енді

cover Фото: facebook.com/aktobeakparat

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Оңдасын Оразалин «ҚМК Мұнай» АҚ директорлар кеңесінің  құрамына кірді, деп жазады Orda.kz.

Қазақстан қор биржасында (KASE) жарияланған құжатқа сәйкес, мұндай шешім компания акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданған.

«Компанияның директорлар кеңесі құрамына келесі өзгерістер енгізілді: Е.А. Құрманғазин орнынан алынып,  О.С.Оразалин сайланды» деп жазылған хабарламада.

Осы енгізілген өзгерістерден кейін компанияның директорлар кеңесінде тоғыз адам қалды. Оның үшеуі тәуелсіз директор, «ҚМК Мұнай» АҚ -ын директорлар кеңесінің төрағасы Ли Шуфэн басқарады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар