Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысында қырқынан шықпаған баласы бар келінін 53 жастағы қайын атасы зорлап, 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сот процесі барысында ер адамның екі баласы бар келінін зорлағаны толық дәлелденді.
Алға аудандық соты ер адамды Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі (Зорлау) бойынша кінәлі деп таныды. Тергеу материалдарына сәйкес, сотталушы мас кезінде келінін еркінен тыс жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген.
Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Дегенмен жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары, сондай-ақ сот-биологиялық сараптаманың қорытындысы оның қылмыстық әрекетін толықтай айғақтады.
Сот ер адамды 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Orda.kz бұл жантүршігерлік оқиға туралы жазды. Ол келіні үйінде жалғыз қалған сәтті пайдаланып, оған күш көрсеткен. Сол кезде жәбірленушінің бар болғаны 22 жаста екені және оның босанғанына көп уақыт өтпегені айтылған еді. Тіпті сәбиі әлі қырқынан да шықпаған болатын.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес