Ақтөбе облысында қала әкімі суицид жасады
Фото: gov.kz
Ақтөбе облысы Темір ауданы Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өзіне қол жұмсады. 46 жастағы шенеуніктің денесі өз үйінен табылды, деп хабарлады Orda.kz жергілікті тілшісі.
Жағдай 20 желтоқсан күні сағат 21:00 шамасында болды. Бейресми дерекке сүйенсек, сол күні жолдастарымен кездескен. Қайғылы хабарды аудан әкімдігі растады.
«Оқиға бар. Денесі өз үйінен табылды. Қазіргі таңда жан-жақты қаралып, тергеу жүріп жатыр. Балалары бар», – деді Темір ауданы әкімі Алмас Жақсылықов.
Еркін Далмағамбетовтың артында екі әйелінен 6 баласы қалды.
«Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД-нің баспасөз қызметі.
Далмағамбетов 2024 жылдың 3 маусымында бастап Темір қаласының әкімі болып сайланған. Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары жер қатынастары саласында түрлі лауазымдар атқарып, жеке секторда істеген.
Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе облысы Алға ауданында Бестамақ ауылының әкімі Қанат Дәулеталин өзіне қол жұмсамақ болды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Актер Мұрат Бисембин инсульт алып ауруханаға түсті
- Алматы полициясы қан шашылған пәтерге қатысты түсініктеме берді
- Ақтөбе облысында қала әкімі суицид жасады
- Түркия парламентінде депутаттар төбелесіп қалды
- Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілгендердің саны рекорд орнатты
- Түнде Алматыда жер сілкінді
- «Қайрат» командасы Mundo do Futsal Experience-2025 жоғары марапатын алды
- ҰҚК радиоактивті уран сатпақ болғандарды ұстады
- Оңтүстік Африкадағы атыстан тоғыз адам қаза тауып, 10 адам жарақат алды
- Астанаға аяз бет алды: құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады
- Қазақстан құрамасын басқарған жаттықтырушы енді «Жеңіс» футболшыларын баптайды
- Қазақ өнерінің нарқасқасы Асанәлі Әшімов өмірден өтті
- МӘМС «санға» көшеді: денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгеріс
- Сауд Арабия сахарасын қар басып, жұрты сасып жатыр
- Канадалық компания Қазақстанмен уран үшін тағы да соттасып жатыр
- «Ресейдің Еуропаны басып алатын шамасы жоқ»: АҚШ барлауының басшысы
- Маск тарихтағы 700 миллиард доллар байлығы бар алғашқы адам
- Қар жауып, тұман түседі: 21 желтоқсанға ауа райы болжамы
- Қазақстан жаңа халықаралық ұйым құруды ұсынды
- Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 12 жаңа лицензия жеңіп алды