«Ақтөбе облысында бөгеттің қирауы»: Салғырттық танытқан шенеунік сотталды

cover Фото: Бейнеден кадр

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы «Мағаджан» су бөгетінің қирауына қатысты тергеу ісі аяқталды. Өңірдегі жауапты шенеунік сотталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

ҚМА мәліметінше, бөгеттің бұзылуына жергілікті атқарушы орган қызметкерінің өз қызметтік міндеттерін дұрыс орындамауы себеп болған. Ол гидротехникалық құрылыстың техникалық жағдайын бақыламаған. Бөгетке тексеріс жұмыстарын жүргізбеген және апаттың алдын алуға қажетті шараларды қабылдамаған.

Әкімдік қызметкерінің салғырттығынан Алға ауданының елді мекендері мен Ілек және Қарғалы өзендерінің маңындағы бау-бақша ұжымдары су астында қалды. 215 адам, оның ішінде 96 бала қауіпсіз жерге жеткізілді.

Тергеу нәтижесінде келтірілген шығын 211 млн теңгеден асқаны белгілі болды. Сот кінәлі тұлғаны 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. 

Айта кетейік, Марат Жыланбаев туралы ақпарат таратқан құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина әкімшілік жауапкершілікке тартылды.





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар