Ақтөбе облысында әкім орынбасары алкогольдік сынақтан өтуден бас тартқаны үшін қамауға алынды

cover Фото: tvtn.ru

Ақтөбе облысында аудан әкімінің орынбасары алкогольге тест тапсырудан бас тартқаны үшін қамауға алынды.

Бұл туралы Әйтеке би аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Сот қаулысымен К. кінәлі деп танылып, оған 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды» делінген хабарламада.

Наурыздың 9-ы күні полиция қызметкерлері әкімнің орынбасары келе жатқан Jac көлігін тоқтатты.

Әйтеке би ауданының полициясы алкоголь, есірткі және немесе уытқұмарлық бойынша сараптамадан өтуді талап етті, бірақ әкім орынбасары бас тартты.

Мемлекеттік қызметшіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

Ер адам кінәсін мойындамай, денсаулығына байланысты сынақтан өте алмайтынын айтты.

Сот К.-ның денсаулығының нашарлауын анықтаған жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар