Ақтөбе облысында 15 ауғандық ұсталды
Фото: Полиция департамент
Самара-Шымкент тас жолында Ауғанстан Республикасының заң бұзушылыққа жол берген 15 азаматы ұсталды.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Самара-Шымкент тас жолының Қарабұтақ ауылының маңында шетелдіктер мінген үш көлікті полиция қызметкерлері тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде Ауғанстан Республикасының 15 азаматы заң бұзушылыққа жол бергені, жетеуінің визасының мерзімі өтіп кеткені, бесеуінің төлқұжаты болмағаны анықталды.
Шетелдіктер көші-қон қызметі департаментіне жеткізілді. 11 шетелдік елордалық университеттің студенттері, қалғандары жұмыс визасымен келгені белгілі болды.
Полиция департаменті елде заңсыз жүрген шетелдіктер туралы ақпарат алған азаматтарды 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Жаңалықтар
- Атырауда Жангелдин ауылының жоғалып кеткен екі тұрғынының мәйіттері табылды
- Қазақстанның үздік теннисшісі турнирдің ширек финалына шықты
- «Қышқыл бұлттар» пайда болғаны туралы ақпарат жалған
- Дауыс беру кезінде «өшіп кететін сия» туралы бейнеге ОКҚ түсініктеме берді
- Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
- Уиткофф пен Кушнердің 10 наурыздағы Израильге сапары тоқтатылды
- АҚШ қоғамы Трамптың кенже ұлы Бэрронды Ирандағы соғысқа жіберуді талап етіп жатыр
- Қазақстандық ғалым Шыңжаңда Абайды «дұрыс түсіндірмеді» деген айыппен сотталды
- Щучинскідегі өрттен зардап шеккен тағы екі адам ауруханада бақилық болды
- Таяу Шығыстан 7,3 мыңнан астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жағдайына байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы өсе түсті
- Тараз тұрғыны «өзін-өзі тонап», қарақшылық туралы экшн сценарий ойлап тапқан
- Таяу Шығыс елдеріне 28 ақпаннан кейін рәсімделген турларға кепілдік берілмейді
- Алматыда ауаның ластанғаны ескертілді, мәслихат арнайы ереже қабылдады
- Спортшыларымыз халықаралық аренада бірнеше жарқын нәтиже көрсетті
- «Дамумед» жеке деректерді заңсыз пайдаланып, 66 миллион теңге залал келтірді
- Иран Сарапшылар кеңесі жаңа жоғарғы көшбасшы кім екенін мәлімдеді
- 9 бен 16 жас аралығындағы жас шахматшылар БАӘ-ден елге қайта алмай отыр
- Иранда жаңа жоғарғы көшбасшы таңдалды, бірақ аты аталған жоқ
- Біріккен Араб Әмірліктері Иранға алғашқы соққысын жасады